RU

Америкалық қыз тарихта тұңғыш рет Олимпиадаға хиджабпен қатысуда

Америка тарихында тұңғыш рет мұсылман қызы Олимпиадаға хиджабпен қатысып жатыр.

Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ибтихадж Мохаммад Нью-Джерсидегі мұсылман отбасында дүниеге келген. Ол 13 жасынан бастап семсерлесу спортымен шұғылданады. Анасы спорттың осы түрінде ғана спортшылар басынан аяғына дейін жабық киінетінін білген соң, қызын семсерлесу спортына баулыған.

Ибтихадж Панамерика ойындарында бірнеше рет жеңімпаз атанған. Рапира мен сабляда семсерлесуден әлем чемпионаттарында қола жүлде иеленеді.

Жақында ол мұсылман әйелдерге арналған өзінің киім желісін ашты. Әжесінің атымен аталатын киімдер желісін ол мұсылмандар киіп жүретін ыңғайлы киім жоқтығы жанына батқан соң, дереу қолға алған.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Допингпен Олимпиадаға қатысқан ресейлікті барлық спортшылар масқаралауда

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды

Риода жанкүйерлер ресейлік спортшыларға қысым көрсетіп жатыр

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214808-amerikalyq-qyz-tarikhta-tunhghysh-ret-oli.html