RU

Алматылық жігіт сүйіктісі өзін тастап, бай досына кеткен соң қыздарға сенбеуге шақырды

Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны өз басынан өткен оқиғаны NUR.KZ оқырмандарымен бөлісті. Сүйіктісі алдап кеткен жігіт бұл оқиға көптеген замандастарына үлгі болады деген ойда.

"Өткен жылы медициналық колледже оқитын бір бойжеткенмен таныстым. Екеуміз бірнеше ай бойы сөйлесіп, хат жазысып жүрдік. Кейін бұл достығымыз махаббатқа ұласып, оған өз сезімімді білдірдім. Намаз оқитын иманды қыз болған соң, болашағымды сол бойжеткенмен байланыстырсам деген арманым болды. Алайда, күтпеген жерден ара-қатынасымыз басқаша өрбіді", - дейді атын атамауды өтінген жігіт.

Жігіттің айтуынша, сүйіктісі өзін тастап, дәулетті тұратын жақын досына кетіп қалған.

"Бірде туған күнімді атап өтпек болдым. Әрине, сүйіктімді шақырдым. Ол құрбысын ертіп келді. Басқосуға менің жақын досым да қатысты. Мен сүйіктімнің құрбысын досыммен таныстырып, екеуі де көңіл жарастырсын деген оймен дастархан басында досымды мақтап отырдым. Оның қала ортасынан коттедж үй салып жатқанын, бірнеше пәтері мен көлігі барын, дәулетті отбасынан шыққанын айттым. Менің басқа ойым болған жоқ, тек досым да жақсы қызбен көңіл жарастырса деген ниет қана. Алайда, кейін дәулетті тұратын досыма өз сүйіктімнің кетіп қалатынын білген жоқпын", - дейді ол.

Осы туған күн кешінен соң жігіт сүйіктісінің өзіне деген көзқарасы өзгергенін байқайды. Қыз да көп күттірмей, дереу ара-қатынасын тоқтатуды өтінеді. Кейін белгілі болғандай, біздің кейіпкеріміздің сүйген қызы оның бай досымен көңіл жарастырған екен.

"Мен сүйікті қызымның бай досыма кетіп қалғанын естігенде, қатты таң қалдым. Өзімді де тақыр кедеймін деп айтпаймын. Біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмын. Тұрақты қызметім мен көлігім де бар. Бірақ, сүйіктім тап осылай менің жақын досыма кетеді деп мүлде ойламаппын. Әрине, тағдыр бізді қоспаған шығар. Алайда, күні кешеге дейін маған сөз беріп, жарым атануға келісіп жүрген қыздың аяқ астынан өзгеріп кетуіне досымның байлығы әсер еткен шығар деп ойлаймын. Бүгінде екеуі де маған қарауға ұялады. Екеуі де мені әлеуметтік желідегі парақшасынан өшіріп тастаған. Жақында тойлары болады деп естідім. Өз кезегімде мен де оларға бақыт тілеймін. Осы оқиға көпшілікке сабақ болса екен. Жар таңдайтын кезде абай болыңыздар", - дейді біздің кейіпкер.

Тағы да оқыңыздар:

Америкалық қыз тарихта тұңғыш рет Олимпиадаға хиджабпен қатысуда

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Допингпен Олимпиадаға қатысқан ресейлікті барлық спортшылар масқаралауда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214935-almatylyq-zhigit-ozin-tastap-bay-dosyn.html