RU

Павлодарда күкіртті сутекпен уланған адам ес-түссіз жатыр

Ақтоғай ауылының үш тұрғыны 8 тамызда сағат 20:32-де Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Олар Муткенов көшесінде кәріз шұңқырын кеңейту жұмыстарын орындау барысында күкіртті сутекпен уланған деген болжам жасалды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодарға санитарлық авиация жеткізген 1987 жылғы жігіттің жағдайы ауыр. Ол қалалық аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды.

1990 жылғы жігіт Ақтоғай аудандық ауруханасында, оның жағдайы орташа ауыр деңгейде бағалануда. Тағы бір 29 жастағы зардап шеккен ер адам ес-түссіз жатыр.

«Оны Павлодарға апару туралы келіссөздер жүріп жатыр», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар:

Еркеш Шәкеев: Менің ұлым Сафар жазатайым оқиға салдарынан қаза болды

Алматылық жігіт өзін тастап, бай досына кетіп қалған сүйіктісіне таң қалды

Ермахан Ыбырайымов қазақ боксшылары екі алтын алуға міндетті екенін ескертті

Қарттар үйінен 3 мәрте қашып кеткен ақтөбелік кейуана 1,5 жыл бойы үйінде қамалып отыр

Кореядан ұшып келе жатқан Қазақстан азаматы Өзбекстанда жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215128-pavlodarda-kukirtti-sutekpen-ulangha.html