RU

Қазақстан Олимпиададағы жалпы есепте 27-ші орында келеді

Бүгін Рио Олимпиадасының төртінші жарыс күні аяқталуға жақын деп хабарлайды NUR.KZ.

Жалпы есепте 5 алтын, 7 күміс, 8 қолдасы бар АҚШ құрамасы көш бастап келеді. Америкалықтар суға жүзу спортында үздік нәтиже тіркеуде.

Екінші орындағы Қытайдың да әзірге 5 алтын медалі бар. Алайда, күміс пен қола саны жөнінен қытайлықтар АҚШ-тан оза алар емес.

Үшінші орында 4 алтын, 4 қоласы бар Австралия орналасқан.

Бесінші орында Жапония, алтыншы орында Венгрия, жетінші орында Ресей спортшылары келеді.

Риодағы ойындарда Вьетнам, Косово, Колумбия сынды мемлекеттер алғашқы алтынын алып үлгерді. Ал әзірге 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар Қазақстан жалпы есепте 27-ші орында келеді.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Ресейлік комментаторлар қазақ боксшысының қабілетіне таңдай қақты (видео)

Қазақ балуаны ел үмітін ақтамағаны үшін халықтан кешірім сұрады

Дмитрий Баландин үздік алтылыққа еніп, жартылай финалға өтті

Америкалық қыз тарихта тұңғыш рет Олимпиадаға хиджабпен қатысуда

Допингпен Олимпиадаға қатысқан ресейлікті барлық спортшылар масқаралауда

Салмағы 100 келі тартатын гандболшы қызға көпшілік қызыға қарауда (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215247-qazaqstan-olimpiadadaghy-zhalpy-esept.html