RU

10 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

10 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Сіздің бүгін зияткерлік қабілетіңіз артады. Ұшқыр ойыңыздың арқасында сындардан сүрінбей өтесіз. Кездесулер сәтті өтеді. Біреуге жағамын деп қадіріңізді кетіріп алмаңыз.

Торпақ

Бүгінгі күн тың ойлар мен жақсы жоспарларға толы болмақ. Бірақ бастаған ісіңізге жақындарыңыз күмәнмен қарағанымен, аяғында демеу көрсетеді. Жұмсақ орындықта отырған торпақтардың беделі артып, мерейі өседі.

Егіздер

Адамдардың айтқан пікірлерінен жаңа тың жобалардың пайда болуы да мүмкін. Жұрт айтты екен деп әліңіз келмейтін іске араласпаңыз. Кеште көңілді отырысқа барасыз.

Шаян

Шаяндардың бәрін өз күшімен істеймін деп көмектен бас тартуы сәтсіздікке әкеліп соғады. Қаржы жағына өте абай болыңыз. Дұрыс таныспаған адаммен дос болудан аулақ болыңыз.

Арыстан

Бұл күн – өмір баспалдақтарында елеулі өзгерістер болып, сабақ аласыз. Өз ойыңызды жүзеге асыру үшін біраз тер төгесіз. Сіз қарсыластарыңызды артта қалдырып, жаңа өмірге аяқ басасыз.

Бикеш

Бикештердің өмірге деген құштарлығы артып, уайымы артта қалады. Білек сыбана жұмысқа кіріссеңіз, еңбегіңіздің жемісін көресіз. Маңызды сұрақтарды шешесіз. Бостандықтын желкеніңде қалықтап, өзіңізге деген сеніміңіз артады.

Таразы

Бұл күн есте қалатын оқиғаларға толы болмақ. Алайда, жұмыста абыр-сабыр болып, қиындықтар туады. Сұрақтарға жауап іздеп, сізге көмектесетін адам табылмайды. Сондықтан өзіңізге сеніңіз.

Сарышаян

Өз күшіңізді асыра бағалап, достарынызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Ал, қаржы саласында жүргендерге өте қырағы болу керек. Сізге қол ұшын ұсынған адамдардан бас тартпаңыз.

Мерген

Кейбір қиындықтар тууы мүмкін. Сіз үшін уақыт өтпей, қиналып, шаршайсыз. Ар сөзіңізге өте сақ болыңыз. Беделіңіз өсіп не болмаса сыйақы алуыңыз мүмкін.

Тауешкі

Бұл күн кездесулер мен жол сапарларға толы болмақ. Адамдармен қарым-қатынас сіздің жеке мәселеңіз бен жеке өміріңіздегі шаруаларыңызға үлкен көмегін тигізеді. Тіл мен жаққа көп сүйенбеңіз, ол сізді көп қателіктерден құтқарады.

Суқұйғыш

Бүгін еңбегіңіздің жемісін көресіз. Достарыңызбен қарым-қатынастарыңыз жақсарып, жаныңыз жайдарланып бір сергіп қаласыз. Дүкен аралап киіміңізді жаңартуға да өте қолайлы уақыт.

Балықтар

Бүгін сабыр сақтап, әр ісіңізді шын көңіліңізбен істеңіз. Бастаған ісіңізге ойдағыдай болмаса да, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Кешкі серуеннен қалып қоймаңыз.

Тағы оқыңыз:

Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Олимпиададағы жалпы есепте 27-ші орында келеді

ҚДБ зейнетақы қорынан тартылған 15 млрд теңгені «ЭКСПО-2017» құрылысына жұмсайды

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған

Қапшағайда балалар мектеп маңына көмілген нәрестені тауып алды

Астанада қоқыста жатқан бесік желі қолданушыларының шамына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215278-10-tamyzgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal.html