RU

Жеті айға созылған текетірестен соң Ресей мен Түркия "жақындасу дәуірін" бастамақ

9 тамыз күні Санкт-Петербургте кездескен Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Тайып Ердоған "ұшақ дауына" байланысты жеті айға созылған дипломатиялық текетірестен соң қайтадан қарым-қатынастарын жақсарту туралы мәлімдеді.

Ердоған Түркияның Ресеймен қарым-қатынас жасауда "өте күрделі кезеңді" бастан өткеріп жатқанын, екі ел арасында ынтымақ орнату аймақ мәселелерін шешуге көмек болатынын айтты. Ол әскери, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты қайта жаңғыртуға шақырды.

Ал Путин: "Ішкі өте қиын саяси мәселелерге қарамастан бүгін сапар шегіп келгеніңіз барлығымыздың да Ресей мен Түркия арасындағы диалогты қалпына келтіру ниетімізді көрсетті" деді.

Түркияда 15 шілдеде болмай қалған әскери төңкерістен соң 230 адам қаза тауып, билік Ердоғанның қарсыластарын қудалай бастады. Бұл әрекетті Батыс елдері сынап шықты. Соңғы жылдары Түркияның экономикалық дамуы баяулап та қалды.

Ресей әлемдік мұнай бағасы түсіп кеткелі бері экономикалық дағдарысқа ұшырап, 2014 жылы Қырымды аннексиялап алғаны үшін АҚШ пен Еуропа Одағы салған санкциялардың зардабын шегіп жатыр.

Ыстамбұлдағы Халықаралық қатынастар бойынша германиялық кеңес сарапшысы Кристиан Бракел Ресей мен Түркия президенттері туралы: "Екеуі де мәмілеге келуге мұқтаж, екеуі де экономикалық қиындыққа ұшыраған әрі екеуі де Батысқа қарсы бірігуге бейім" дейді.

Былтыр Сириядағы ресейлік ұшақты түркиялық әскер "шекара бұзды" деген айыппен атып түсірген соң Мәскеу мен Ыстамбұлдың арасы күрт суыған. Ресей бірқатар Түркия тауарларын импорттауға тыйым салған болатын.

Тағы оқыңыз:

Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Олимпиададағы жалпы есепте 27-ші орында келеді

ҚДБ зейнетақы қорынан тартылған 15 млрд теңгені «ЭКСПО-2017» құрылысына жұмсайды

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған

Қапшағайда балалар мектеп маңына көмілген нәрестені тауып алды

Астанада қоқыста жатқан бесік желі қолданушыларының шамына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215368-resey-men-turkiya-zhaqyndasu-dauirin-ba.html