RU

Билікке Байбек келгелі оңтүстік астанада қандай өзгерістер болды?

Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғанына тура бір жыл толды. Алғаш тағайындалған күннен Бауыржан Қыдырғалиұлының үлкен саясатта салмағы, шаруашылық саласында тәжірибесі жоқ деп күдіктенгендер де, өзі сияқты жас кадрларды бастай келгеніне қуанғандар да болды.

Осы аралықта Алматы сияқты мегаполисті басқаруда Байбек мырзаның әкелген жаңалығы мен жіберген кемшілігі қандай деген сауалдарға 31 арна жауап іздеп көрді.

Алматының күнделікті номері бірінші проблемасы кептеліс пен қозғалыс болғандықтан, Бауыржан мырза келген бетте кейбір көшелерді ақылы жасаймыз деп ертерек айтып алды. Дегенмен, бірқатар көшелерде автобустарға арнайы жолақтар сызылды. Бұл - көліктерге емес, автобустарға көбірек ыңғайлы шықты. Ал, трамвайлар бірінен соң бірі соғыла бастағанда, оны мүлде тоқтатып тастады. Ал, қоғамдық көліктерге «Оңай» жол картасы енгізіліп, соңы пышақтасуға дейін жетті.

Әкімнің өзі есеп беруінде экологияны жақсарту мақсатында, жеңіл көлігін тастап, велосипедке отыруға дайын екенін жеткізгенде, жұрт оны қошеметтің астына алғаны бар.

Бірақ қала әкімшілігінің алдынан 86 тұрмақ 8 велосипед те көрінбейді. Берілген уәде, әлі уәде қалпында. Осы ретте алматылықтардың әкімге берер бағасы әртүрлі.

Саясаттанушы Расул Жұмалы Бауыржан Байбектің жұмысқа білек сыбана кірспесе де, бірқатар шаруаларды тындырғанын айтады. Мәселен билікке Байбек келіп, Көкжайлаудың көсегесі көгеріп, атышулы жоба тоқтады. Балабақша бағасы екі есеге арзандады. Ал бұл халық үшін өте маңызды.

"Әттегенайлар өте көп. Бұл қаланың өзіндегі кептелістер, қаладағы базарларға жағдай жасалмай олардың жөнге келтірілмеуі, қазақ тілінің мәселесі, қазақ тіліндегі жаранамалардың сапасы төмен. Экология мәселесі", - дейді саясаткер Расул Жұмалы.

Ақылы автотұрақтар, салынған жолайрық, әл-Фараби көшесінен жоғары аумақтарда 12 метрден биік, яғни 3 қабаттан жоғары салынған ғимарттардың болмауын, жаңбырдың суына төтеп беруді Бауыржан Байбек жіті назарына алды.

Сонымен қатар жоспарға сәйкес Алматы бизнес, эконмикалық тұрақты, ыңғайлы, қауіпсіз әрі смарт, яғни ақылды қалаға айналып әлемнің үздік отыздығына енеді деп атап өтті ол.

Тағы оқыңыз:

Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Олимпиададағы жалпы есепте 27-ші орында келеді

ҚДБ зейнетақы қорынан тартылған 15 млрд теңгені «ЭКСПО-2017» құрылысына жұмсайды

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған

Қапшағайда балалар мектеп маңына көмілген нәрестені тауып алды

Астанада қоқыста жатқан бесік желі қолданушыларының шамына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215385-almaty-qalasyna-akim-bolghan-bauyrzhan.html