Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың даңқты әншісі туралы фильмді шетелдік режиссер түсірмек (фото)

Опубликовано:

Қазақтың даңқты әншісі Әміре Қашаубаев туралы фильмді шетел АҚШ режиссері Джеф Веспа түсірмек, деп хабарлайды "Экспресc К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазақ теноры Әміре Қашаубаев туралы фильмді түсіруге, бұдан басқа, шетелдік мамандар мен голливуд актерлері қатыспақ. Автобиографиялық картинаның түсірілімі Еуропа мен Қазақстанда өтетін болды.

Фильм желісі қазақ халқының біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың тылсымға толы өмірі мен оның тосыннан дүние салу деректері негізінде құрылған. Еуропа жұртшылығын қазақ өнерімен, өзінің қоңыр даусымен таңқалдырған Әміре бірінші болып әлемге қазақтың домбырасын паш еткені белгілі. Алғаш Парижге барып ән салған да осы Әміре болатын.

1925 жылы Парижде өткен музыка байқауында ол екінші орын алып, тыңдармандар назарын өзіне аударған еді. Осында жүріп Мұстафа Шоқаймен танысып, кездескеннен соң-ақ оның өмірі күрт өргерді. Елге келген соң әншіні Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) тергеуге алып, 1934 жылғы 6 желтоқсанда Алматы көшелерінен оның өлі денесін тапқан.

Әміре Қашаубаевтің өмірі «Қыз Жібек» операсының премьерасына бір күн қалғанда үзілді де кетті. Операда ол басты Төлегеннің рөлін ойнауы керек болатын.

Фильм продюсері «Оскар» сыйлығынның иегері Эд Джонс болса, операторы – «Девятая рота» және «Сталинград» кинокартиналарын түсірген ресейлік Максим Осадчий.

Түсірілім тобының режиссері, атап өткеніміздей, Джеф Веспа. Жобаға, сондай-ақ, американдық актриса Эбби Корниш пен британдық Бен Алдридж қатыспақ. Дегенмен, басты рөл өзіміздің қазақ актері Санжар Мәдиевке бұйырған екен.

Әміре Қашаубаев туралы фильм халықаралық прокатқа 2017 жылы шығады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз:

Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Олимпиададағы жалпы есепте 27-ші орында келеді

ҚДБ зейнетақы қорынан тартылған 15 млрд теңгені «ЭКСПО-2017» құрылысына жұмсайды

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған

Қапшағайда балалар мектеп маңына көмілген нәрестені тауып алды

Астанада қоқыста жатқан бесік желі қолданушыларының шамына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1215422-qazaqtynh-danhqty-anshisi-turaly-kinoka/

pixel