RU

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі

Бүгін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі, деп хабарлайды BNews.kz.

Бесінші жарыс күнін қазақстандық спортшылар кешкі 18:00-де тапаншадан оқ ату (50 метр) сайысынан бастайды. Ерлер арасында өтетін іріктеу сынында Владимир Исаченко мен Рашид Юнусметов өнер көрсетеді.

Сағат 19:00-де велоспортшы Андрей Зейц жарыс жолына шығады.

21:02-де әйелдер арасында садақ атудан 1/32 финалда отандасымыз Луиза Сайдиева украиналық Анастасия Павловамен тартысқа түседі.

Астана уақытымен 22:05-те ерлер арасында семсерлесуден 1/16 финал бәсекесі басталады. Бұл сайыста семсерші Илья Мокрецов америкалық Дэрил Гомермен кездеседі.

Сондай-ақ бүгін қос боксшымыз жартылай финалға өту мүмкіндігіне таласады. 49 келі салмақта сынға түсетін Біржан Жақыповтың өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовқа қарсы жекпе-жегі 2:00-де басталса, Василий Левит (91 кг) 4:30-да маврикийлік Кеннеди Сент-Пьерамен жұдырықтасады.

Екі ауыр атлетіміз де бүгін жарыс жолына шықпақ. 0:30-да 69 келі салмақта Жазира Жаппарқұл сынға түссе, таңғы төртте 77 келі салмақтағы ерлер арасындағы сайыста Ниджат Рахимов бақ сынайды.

Сонымен қатар, екі жүз метрге брасс әдісімен жүзуден өтетін финалда Дмитрий Баландин ел намысын қорғайды. Жарыс сағат 7:03-те басталады.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.

Ойындарды отандық үш телеарна көрсетеді: «Kazsport», «Хабар» және «Қазақстан».

Рио Олимпиадасының төртінші жарыс күні қазақ елінің қоржыны төртінші медальмен толықты. Нақты айтар болсақ, ауыр атлетикадан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен зілтемірші Карина Горичева байрақты бәсекеде қола жүлдегер атанды.

Тағы оқыңыз:

Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Олимпиададағы жалпы есепте 27-ші орында келеді

ҚДБ зейнетақы қорынан тартылған 15 млрд теңгені «ЭКСПО-2017» құрылысына жұмсайды

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған

Қапшағайда балалар мектеп маңына көмілген нәрестені тауып алды

Астанада қоқыста жатқан бесік желі қолданушыларының шамына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215438-rio-olimpiadasy-10-tamyzgha-arnalghan-kes.html