RU

Ақмола облысында өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады

Ақмола облыстық құқық қорғау органдары өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген 17 жастағы оқушының өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын мәлімдеді дейді BAQ.kz.

Хабарламады 8 тамыз күні Ақмола облысы Степняк қаласының жедел жәрдем қызметіне Еңбекшілер ауданының кезекші бөлімінен 11-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келгені айтылады.

1999 жылы дүниеге келген жасөспірім өз үйінің шатырында асылып қалған. Оқыс оқиғаның неден болғанын, жасөспірімнің не себепті мұндай әрекетке барғанын тексерген құқық қорғау орындары оқушының өлер алдында анасына қалдырған хатын тапты.

Онда: «Ана, кешір мені. Мен сендерді ұятқа қалдырғым келмейді. Мен ешқандай оқу орнына түсе алмаймын», - деп жазылған.

Тағы оқыңыздар:

2016 жылғы білім гранттары иегерлерінің толық тізімі шықты

17 жыл отасқан жұбайы тастап кеткен павлодарлық жалғызбасты әке елден көмек сұрады

Алексей Ни қоржынға алғашқы алтынды салуға уәде берді

Қазақтың даңқты әншісі туралы фильмді шетелдік режиссер түсірмек (фото)

Билікке Байбек келгелі Оңтүстік астанада қандай өзгерістер болды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215509-aqmola-oblysynda-ozininh-eshqanday-oqu.html