RU

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептердің үштілді білім беру жүйесіне 2019 жылдан бастап өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Бұған дейін үлкен дауға ұласқан осынау реформаны 2016 жылдың қыркүйегінен бастап немесе 2023 жылы енгізеді деген алыпқашпа әңгіме ел ішінде желдей гулеген болатын.

"Алыпқашпа әңгіменің өршуіне себеп болған министр Ерлан Сағадиевтің өзі еді. Алматыдағы жиындардың бірінде ол 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдегі орта оқу орындары үш тілде білім беретінін сүйіншілеп жеткізді. Алайда, оның бұл бастамасын қолдаушылардан қарағанда қарсы шыққандардың саны әлдеқайда көп болды", - деп жазады басылым.

Енді министрлік үштілділік реформасын 2019 жылдан бастағанды жөн көріп отыр. Кеше ведомствоның фэйсбуктегі ресми парақшасында мынадай анықтама-брошюралар пайда болды. Яғни, өзгешелік алдымен тек 10-11 сынып оқушыларын қамтыса, өзге сыныптардың тағдыры әзірге айтылмай отыр.

Тағы оқыңыздар:

2016 жылғы білім гранттары иегерлерінің толық тізімі шықты

17 жыл отасқан жұбайы тастап кеткен павлодарлық жалғызбасты әке елден көмек сұрады

Алексей Ни қоржынға алғашқы алтынды салуға уәде берді

Қазақтың даңқты әншісі туралы фильмді шетелдік режиссер түсірмек (фото)

Билікке Байбек келгелі Оңтүстік астанада қандай өзгерістер болды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215528-bilim-zhane-ghylym-ministrligi-ushtildi.html