RU

Mysterions тобының әншісі ер азаматтарға қандай қыздар ұнайтынын айтып берді

Mysterions тобының әншісі кезекті жазбасында қыздар мен жігіттер арасындағы қарым-қатынасты сөз етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Желі қолданушылары Mysterions тобындағы Дильеннің әншілігімен қоса, жазу-сызуға да қабілетті екенін жақсы біледі. Оның Instagram желісіндегі парақшасы басқа әншілердікінен өзгеше. Өзін «мегаблогермін» деп атайтын жігіт парақшасына көкейіндегі түрлі ойларын, түйгендері мен білгендерін бөлісіп, өмірдегі түрлі қоғамдық проблемаларды қозғап жүр. Оның ішінде, қазіргі қазақ жастары мәселелері, қыздар мен жігіттердің ара-қатынасы, дін, махаббат, отбасы, жауапкершіліктің жоқтығы, балалық шағынан естеліктер секілді тақырыптарды көтеруде.

Әсіресе, қыздар мен жігіттердің қазіргі болмысы, заманауи жастарға тән кейбір ерекшеліктер мен мінез-құлықтар тақырыбы желі қолданушылар тарапынан қолдау тауып отыр. Мәселен, қыздар жағы оның: «қазіргі жігіттердің ішінде қызға сөз айтуға қысылатындары табылмайды. Қазіргі қоғамға қыздарға сөз айтудан қымсынатын жігіттер жетіспейтін секілді. Сондықтан да бізде жалғызбасты аналардың қарасы көбейген. Күйеуі әйелі мен балаларын тастап кетіп, әйелдері ұрыс шығарумен күндері өтіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, быт-шыт қарым-қатынас», - деген пікірімен келіссе, жігіттер жағы әншінің 31-блогында айтылған қыздардың ашық-шашық киім киісі туралы сынына қолдау білдірген. Сонымен бірге, ол бір блогында жігіттерге қандай қыздар ұнайтынын да айтып қалған.

«Жігіт «күйеу» атанбайынша, ол қызға ешкім емес. Ал сіздердің бірге жүргендеріңізге 5 жыл немесе 5 күн болғаны маңызды емес. Қазір бұрынғы «ата-анамыздың» заманы емес, сондықтан «сенім» сөзінің мәні де өзгерген. Ойлап көрейікші, 2012 жылы шыққан Lexus делік. Сыртынан қарасаң машина жаңа көрінеді, бірақ оның 4 жыл ішінде жүрген жолы 100 мың км-ге жетіп қалған. Оның үстіне машинаны 3 қожайын теуіп үлгерген. Қожайын ауысқан сайын ол онымен суретке түсіп, «Менің батырым», «Қорғаным», «L+A» деген секілді жазбалар жазған. Бірақ ескі қожайын кеткен соң, суреттер де өшіріліп, kolesa.kz архивінде ғана қала береді. Ал көліктің әрбір қожайыны төрт түрлі адам тепкен Lexus жақсы ма әлде салонда тұрған жаңа Toyota Corolla жақсы ма деген сұраққа жүз рет бас қатырып, екіншісін таңдайды. Сондықтан, қарым-қатынастарыңызды желіде көрсетіп, әрбір жігітпен түскен суретті желіге сала беруден қашыңыз. Сіз ұсынған жалған суреттерден қаңырап тұрған жүректі махаббатпен толтыруға ұмтылған адамды ғана көруге болады. Осы жасандылыққа бетті опа-далаппен әрлеу, жасанды кірпіктер, қолдан жасалған қиылған қастарды, қымбат киім мен өзін-өзі жасанды ұстау мәнерін қосыңыз. Иә, бұған көп ер адамдар қызыға қарайды. Бірақ, сізге керек жалғыз адамды бұл шошытады. Тек шынайы сезім мен жүректен шыққан сөздер ғана сізге жар болар жанды өзіне тарта алады», - деп жазды ол.

Оның кеңестеріне қыздар да жігіттер де түрлі пікірлер қалдырды.

«Әдемі жазылған ой. Бәріне келісемін», «Дильен, сен шынымен де жай жігіт емес сияқтысың», «Алла разы болсын, ойыңыз өте дұрыс», - деп келісті әншімен қолданушылардың дені. «Мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Суретін бөліскісі келгенде не тұр», «Бұл әркімнің өз жеке шаруасы», - деп, оның пікірімен келіспегендер де табылып жатты.

Тағы оқыңыздар:

2016 жылғы білім гранттары иегерлерінің толық тізімі шықты

17 жыл отасқан жұбайы тастап кеткен павлодарлық жалғызбасты әке елден көмек сұрады

Алексей Ни қоржынға алғашқы алтынды салуға уәде берді

Қазақтың даңқты әншісі туралы фильмді шетелдік режиссер түсірмек (фото)

Билікке Байбек келгелі Оңтүстік астанада қандай өзгерістер болды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215552-mysterions-tobynynh-anshisi-er-azamattargha-qand.html