RU

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел ауруханада көз жұмды. Қалалық №6 клиникалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі Мұхит Достыбаевтың Азаттыққа айтуынша, 1971 жылы туған науқасы Дильбар Тұрымбаеваны жедел жәрдем қызметі ауруханаға 8 тамыз күні түс уақытында жеткізген.

"Түскенде науқастың денесінің біраз бөлігін күйік шалған, жағдайы ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқас 9 тамыз күні кешкі сағат 18 шамасында қайтыс болды", - деді Достыбаев Азаттық тілшісіне.

Сонымен қатар дәрігер марқұмның денесінің қанша пайызын күйік шалғанын да атап өтті.

«Оның денесінің 55 пайызын күйік шалған, 3-4 дәрежелі деп бағаланды. Әсіресе басы мен кеуде жағы қатты күйген. Жарақаты өте ауыр болды», - деп атап өтті дәрігер.

Оның сөзінше, марқұмның денесін туыстары алып кеткен.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 45 жастағы Шымкент тұрғыны өз-өзін 8 тамыз күні түсте Абай саябағының маңында өртеген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің үстіндегі өртті өшіріп, жедел жәрдем шақыртқан. Денесін күйік шалған әйел ауруханаға жатқызылған. Полицияның мәліметінше, әйел өзін үстіне бензинге ұқсас жанғыш сұйықтық құйып өртеген.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

2016 жылғы білім гранттары иегерлерінің толық тізімі шықты

17 жыл отасқан жұбайы тастап кеткен павлодарлық жалғызбасты әке елден көмек сұрады

Алексей Ни қоржынға алғашқы алтынды салуға уәде берді

Қазақтың даңқты әншісі туралы фильмді шетелдік режиссер түсірмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215572-shymkentte-oz-ozin-ortegen-ayel-koz-zhum.html