RU

Заттыбек Абай Бегеймен бірге демалып жүр (фото)

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы әріптесі Абай Бегеймен бірге еліміздің демалыс орындарының бірінде демалып жүр, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол әлеуметтік желіге Абай Бегеймен бірге Орал маңында демалып, балық аулап отырған суретін салды.

«Рахаттанып демалу үшін шет елге бару шарт емес. Ол жақтағы күн де, теңіз де, құм да, балық та бәрі-бәрі біздің елде бар. Отандық туризмді дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар емес адамның патриоттығы керек сияқты. Шіркін-ай осындай көрікті жерлер кеңінен насихатталса, ешкім шетелге демалысқа кетпес пе еді, кім білсін?!», - деп жазды әнші.

Желі қолданылушылары әншілердің бұл әрекетіне қолдау білдіріп, отандық туризмді дамытқаны үшін риза болысты.

Тағы оқыңыздар:

2016 жылғы білім гранттары иегерлерінің толық тізімі шықты

17 жыл отасқан жұбайы тастап кеткен павлодарлық жалғызбасты әке елден көмек сұрады

Алексей Ни қоржынға алғашқы алтынды салуға уәде берді

Қазақтың даңқты әншісі туралы фильмді шетелдік режиссер түсірмек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215613-zattybek-abay-begeymen-demalyp-zhur-fo.html