RU

Жергілікті билік жолы, суы жоқ ауыл тұрғындарынан "шамалы күте тұруды" сұрады

Таразда бүтін бір ауыл өркениет атаулыдан қалыс қалған. Әуежай маңында тұратын 20-ға жуық адам Астана арнасына шағымданды.

Айтуларынша, ауыз су жоқ. Ал ішіп отырған су санитарлық талаптарға сай келмейтін көрінеді. Жарық пен жол мәселесі де өткір тұр. Қала іргесінде тұратын халық билікке мәселелерін айта-айта төзімдері таусылғанын айтады.

3 мың халық тұратын ауыл халқы ауыз суды қайнатып, сүзгіден өткізіп күн көріп отыр. Жарық мәселесі де жолға қойылмаған. Электр сымдары ескірген. Соның салдарынан ток қуатының төлемдерін жекеге төлеуге мәжбүр. Ал бұл екі есе шығын, дейді.

"Біз аэропортқа да, қаладағы электрожелілердің түбіртіктерін бақылауына да қарамаймыз. Айтсақ, барлығы далада қалғандай ауылмыз біз. Ақшамызды аэропортқа заңды тұлға ретінде 21-22 теңге төлейміз 1 киловаттына. Ал қалада, керісінше, 1 киловаттына 14 теңге төлейді. Сосын канализация мәселесі. Су жақын, суымыз тартылмайды", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Құдайберген Тынышбай.

"Біз елміз-ау, халықпыз-ау деген жанашырды көрген жоқпыз. Бізді осы мәселе ашындырады. Жергілікті билік ауылдың проблемаларынан хабардар. Тек оларды шешуге уақыт қажет деп отыр", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Тұрсын Құрманова.

Ал атқамінерлер босла, мәселе биыл шешімін табатынына сендіріп отыр.

"70 шаңырақ тұрады әуежай маңында. Электр қуатымен қамтамасыз ету тұрақты болып, қыста желде өшпеу үшін, жаңбырға өшпес үшін жергілікті бюджеттен 3,5 млн теңге бөлінген. Сол қаржыға жобалық-сметалық құжаттар жасалынған. Бүгінгі таңда құрылыс, монтаж жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сараптамдан өтуде. Ал жұмыс жобамен 60 млн теңгені құрайды. Жоспар бойынша жол мәселесі де биыл шешілетін болған", - дейді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықов.

Тұрғындардың айтуынша, атқамінерлер "бюджеттен бақыр тиын бөлінбеді" деп, бұл жолы да беттерін қайтарыпты. Ал, қоғамдық көліктер жол жаман деп, айдаладан түсіріп кететін көрінеді. Жолдың азабын тартқандар өздері-ақ жөндеп алмақ болыпты. Алайда, қалталары көтермеген. Ал биліктегілер барлық мәселені шешеміз деп уәдені үйіп-төкті.

Тағы оқыңыздар:

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Ақмола облысында өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі

Павлодарда көпбалалы ана төрт баласы мен 17 жыл отасқан күйеуін тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215669-zhergilikti-bilik-zholy-suy-zhoq-auyl-tur.html