RU

Алтынай Жорабаева шашы «уыстап түсетін» қыз-келіншектерге өз кеңесін берді

Әнші Алтынай Жорабаева шаштың түсуін қалай тоқтатуға болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде сұлулық туралы жиі айтатын Алтынай жуырда парақшасына шаш түсуді қалай тоқтату керектігі жөнінде қыз-келіншектерге кеңес берді. Оның айтуынша, оның шашы бұған дейін «уыстап түскен» көрінеді. Бірақ, осы бір құралды екі рет қолданған соң, оның шашы түспейтін болған.

"Қыздар кеш жарық! Мынау тричуп деген сусабын. Мен майын алғашында онша сеніңкіремей пайдаланғанмын ғой. Екі рет пайдаланғанның өзінде шашымның түсуі тоқтады. Алла куə ! Майын шашымның түбіне массаж жасап жағып, бір, екі сағаттан кейін шампуньмен жудым. Əйтпесе жуғанда шаштарым уысымен сумен ағады. Тарасам бір уыс түседі. Үйдің ішінде, жердегі шашты жинаумен болатынмын. Сіздерге таныс жағдай шығар? Екі рет пайдаланғаннің өзінде нәтижесін байқау – ғажап дүние екен!", – деп жазды Алтынай Жорабаева.

Әншінің бұл жарнамасын оқыған желі қолданушылары оған сусабынға қатысты сұрақтарын қойып, оны қайдан алуға болатынын сұрады.

Тағы оқыңыздар:

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Ақмола облысында өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі

Павлодарда көпбалалы ана төрт баласы мен 17 жыл отасқан күйеуін тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215703-altynay-zhorabaeva-shashy-uystap-tuset.html