RU

БҚО-дағы оқыс оқиғадан денесінің 95 пайызын күйік шалған екінші науқас көз жұмды

БҚО-дағы газ құю бекетінде болған жарылыстан денесінің 95 пайызын күйік шалған екінші науқас тіл тартпай кетті деп хабарлайды 24.kz.

Төртінші тамыз күні Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы газ құю бекетінде өрт шығып, алапат жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан екі ер адам зардап шекті. Өкінішке қарай, олардың екеуінің де өмірін ажалдан арашалау мүмкін болмады.

Бұған дейін денесінің 75%-ын күйік шалған 58 жастағы тұрғынның көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Бөрлі аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан екінші науқас бүгін түнде қайтыс болды. 59 жастағы тұрғынның денесінің 95%-ы күйген.

Науқасты облыс орталығына жеткізу мүмкін болмағандықтан, санавиациямен келген дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір арнайы қызмет мамандары жарылыстың себебін анықтап жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Тағы оқыңыздар:

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Ақмола облысында өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі

Павлодарда көпбалалы ана төрт баласы мен 17 жыл отасқан күйеуін тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215792-bqo-daghy-oqys-oqighadan-denesininh-95-payy.html