RU

Студент қазақстандықтар бай қытайларға қалай тәнін саудалайтынын айтып берді

Нұржан Барлыбаев Қытайды Сиань қаласында үш жылдан астам уақыт білім алады. Ол қазақстандық студенттердің Қытайда оқудан бөлек бай қытайларға тәнін саудалайтынын айтып берді. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Эскорт-қызмет ұсынатындар арасында еліміздің бойжеткендері ғана емес, жігіттері де бар көрінеді.

Нұржан жатақханада көрші тұратындардың немен айналысатынын бірден ұқпағанын айтады. Ол бар жайтты көп табысқа кенелгенімен мақтанған танысынан білген.

«Сианьда көп көңіл көтеретін орындар бар. Арнайы бөлмелерде қызметкерлері бай қытайлықтарға бойжеткендерді ұсынады. Ересек қытайлықтардың дені еуропалық бойжеткендер мен көзі үлкен қазақ қыздарын қалайды. Қазақстандық студенттердің бірталайы дәл сол жерде жұмыс істейді», - дейді Барлыбаев.

Оның айтуынша, бастапқыда қыздар эскорт-қызмет ұсынғанымен, кейін ақысын үстемелесе денесін де саудаға салуға әзір.

«Қытайлық ерлер бұл қыздармен уақыт өткізгенді, қыдырып, ішіп, көңіл көтергенді ұнатады. Егер қазақ қызы қытайша сөйлей алатын болса, оның құны жоғарырақ болады. Кеш біте салысымен, клиенттер қызды қосымша ақыға өзімен бірге алып кете алады», - дейді студент.

Ал қазақстандық жігіттер болса, эскорт-қызмет ұсынуды, тіпті ұят санамайды екен. Барлыбаевтың пікірінше, жігіттер де, қыздар да мұндай әрекетке ақша үшін барады. Қомақты ақша үшін.

«Жұмысқа алар кезде, бойжеткеннің жасына мән бермейді, тек келбеті сұлу болса болды. Егер бойжеткен көрікті болса, бір кеште орта есеппен 70-100 мың теңге таба алады», - дейді студент.

«Мен өз жерлестеріме ренжулімін. Олар Қытайға бай көкелер мен тәтелерге қызмет ету үшін емес, оқу қуалап келді емес пе? Олардың кейбірімен, тіпті сөйлесуден қалдым», - дейді ол.

Студент қазақстандықтарды шетелде еліміздің атына кір келтірмеуге шақырды.

Тағы оқыңыздар:

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Ақмола облысында өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі

Павлодарда көпбалалы ана төрт баласы мен 17 жыл отасқан күйеуін тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215816-student-qazaqstandyqtar-bay-qytayla.html