RU

Мақпал Исабекованың әнін тыңдаған сайын жылай беретін балақай жұртты таң қалдырды (видео)

Бүлдіршін Мақпалдың «Хабарласпа» әнін естіген сайын жылайтын көрінеді. Бұл туралы әнші Мақпал өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші парақшасына видео жүктеп, оқырмандардан сәбидің жылау себебін сұрады.

«Мына кішкентай періште «Хабарласпаны» тындаған сайын жылайды екен, неге екен?», - деп сұрады ол.

Желі қолданушылары әншінің репертуары тек мұңлы, көзге жас әкелетін әндер екенін жеткізді. Сонымен бірге, олар оған көңілді әндерді жиі айтуға кеңес берді. Бір қызығы, Мақпалдың әндерінен жылап жүрген бұл сәби ғана емес екен.

«Негізі мен де бұл өлеңдi тыңдаған соң, тоқтамай жылап алдым расымен. Жүрекке жетті. Өте әсерлі», - дейді пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы оқыңыздар:

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

Шымкентте өз-өзін өртеген әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Ақмола облысында өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі

Павлодарда көпбалалы ана төрт баласы мен 17 жыл отасқан күйеуін тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215860-maqpal-isabekovanynh-anin-tynhdaghan-sa.html