RU

Кәрім Мәсімовтің Twitter-дегі бастамасы мазаққа айналды (фото)

Тоғызыншы тамыз күні премьер-министр өзінің Twitter желісіндегі аккаунты арқылы #25летНезависимости хэштегін іске қосқан болатын. Алайда бұл бастамасы мазаққа айналды деп хабарлайды sn.kz.

Ол желі қолданушыларын осы хэштегпен Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістіктерін тізбектеуге шақырды. Алайда, нәтижесі Мәсімов күткендей болды деп айту қиын. Көпшілік жетістіктерден гөрі кемшіліктерді, олқылықтарды жазуда.

Мәселен, Ерлан Тажибаев тәуелсіздік жылдары бір премьердің миллиардтаған қаражатпен елден қашқанын, екіншісінің он жылға қамалғанын және үшіншісінің керемет хэштег ойлап тапқанын мысқылмен жеткізді.

Сонымен қатар, Твиттер қолданушылары 25 жылда Қазақстанда ешқандай өнім шығармаған зауыттар, ашылуынан жабылуы тез болған кәсіпорындар жайлы жазып жатыр.

Бүтін бір елдің үкіметін басқарып отырған Мәсімовтің бұл белсенділігін түсіне алмадық. Әлеуметтік желідегі жұрттың көңіл-күйі белгілі: елде экономикалық дағдарыс, девальвацияның ауыр салдары, халықтың зейнетақыға деп жылдар бойы жинаған қаражатының ЭКСПО құрылысына жұмсалуы, баспана проблемасының өршуі - мұның бәрі қазір халықтың ызасын тудырып отырғаны сөзсіз.

Ал, осындай көңіл-күйде отырған жұртқа жетістіктер жайлы айту оңайға соқпайды.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында тұрғындар ауыл мешітінің бас имамы сәлаф деп күдіктенеді

Студент қазақстандықтар бай қытайларға қалай тәнін саудалайтынын айтып берді

Мақпал Исабекованың әнін тыңдаған сайын жылай беретін балақай жұртты таң қалдырды (видео)

Словениялық спортшы тікелей эфирдегі сайыс кезінде қаза тапты (видео)

Олимпиадада өзге елдің намысын қорғайтын қазаққа қатысы бар спортшылар кімдер? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215967-karim-masimovtinh-twitter-degi-bastamasy-maz.html