RU

Ақтөбеде бойжеткен тойына киетін көйлегін өзі тігіп алды (фото)

Ақтөбелік бойжеткен Жұлдыз Тұралина Шалқар ауданында ұзатылу тойын өткізуде. Үш жылдан бері тігіншілікпен айналысып жүрген бойжеткен той көйлегін өзі тігіп алған.

Бұл туралы NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі хабарлайды.

«Қыздардың ұзатылу тойында киетін қазақша көйлектерді тігіп жүрдім. Еураполық үлгідегі келіншек көйлегін алғаш тігуім. Өмірімдегі маңызды күні киетін болған соң қорқыныш болды. Бірақ бала кезден «тойыма киетін көйлекті өзім тіксем» деп армандайтын едім. Дүкендегі келіншек көйлектердің ұнағаны 200-300 мың теңгеге шығып кетті. Бір киетін көйлекке ондай шығын шығарғым келген жоқ. Сондықтан мұны өзім тігуді бастадым. Көзге қатты көрінбейтін қарапайымдылау қылып жасап шықтым. Жинақы тұратын тастарды пайдаланып, 3D гүлдер тігілді. Қазірден жалға алуға сұрап жатқандар бар. Бірақ ол жағын той өткізіп алғаннан кейін көрермін», - дейді Жұлдыз Тұралина.

Жұлдыз ұзатылуында той көйлегінің сыртынан қазақша кәжекей киетінін айтады. Қалыңдықтың қолына ұстайтын гүлі де қолдан жасалынған. Бұл жұмысты саз балшықтан әшекейлер жасайтын құрбысы қолына алған.

«Гүлді құрбым тігіп берді. Енді қазақы салтпен той өткіземіз деп ойлап отырмыз. Біздің ұмтылып бара жатқан дәстүрлеріміз енді жаңғырып жатыр. Қазір киімдерді қазақы түрде кигенді жақсы көреміз», - дейді ол.

Жұлдыз әжесінің үйреткен тігу өнері өміріне азық болып жүргенін айтады.

«Тігуді бала кезімнен бастадым. Әжемнің қасында отырып көп нәрсе үйрендім. Тәтелерім де - қол өнерімен айналысатын тігінші. Мектепте сурет сабақтарына қызықтым. Кейін колледжге дизайн мамандығы бойынша оқуға түсіп, конкурстарға қатыстым. Студент кезде салған екі картинам танымал шебер Болат Атыраубаевтың көңілінен шығып, ол кісі мені қамқорлығына алды. «Бір ғана өнерге тоқталып қалма, әр қырынан таны» деп қышпен, зергерлікпен айналысуыма да себеп болды. Бұл менің шығармашылығымды дамытуға себеп болды. Тігіннің менің жаныма жақын екенін ұқтым. 2-3 жылдан бері әртүрлі киімдер тігемін. Алғашында өзімнің тігінші болатыныма сенген жоқпын. Күнделікті киімдер тігіп жүрдім. Екі көрме өткіздім. Өнерге деген маңызды қадамдарымды жасап келемін», - дейді Жұлдыз Туралина.

Тігінші қыз Ақтөбедегі №19 орта мектепте сурет технологиясынан балаларға қосымша сабақ беріп жүр.

«Бізде киім дизайнерлері енді бағаланып жатыр. Ерекше киімдерге сұраныс бар. Күнделікті киетін киімдердің өзіне кішкентай болса да қазақша ою салғызады. Қонаққа барған кезде де қолдан шыққан заттарды апаруға тырысады», - дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Кәрім Мәсімовтің Twitter-дегі бастамасы мазаққа айналды (фото)

Алматы облысында тұрғындар ауыл мешітінің бас имамы сәлаф деп күдіктенеді

Студент қазақстандықтар бай қытайларға қалай тәнін саудалайтынын айтып берді

Мақпал Исабекованың әнін тыңдаған сайын жылай беретін балақай жұртты таң қалдырды (видео)

Словениялық спортшы тікелей эфирдегі сайыс кезінде қаза тапты (видео)

Олимпиадада өзге елдің намысын қорғайтын қазаққа қатысы бар спортшылар кімдер? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216089-aqtobede-boyzhetken-toyyna-kietin-koy.html