RU

Бокстан Ресейдің бас бапкері Олимпиада кезінде отставкаға кетті

Бокстан Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк тура Олимпиада ойындарының кезінде отставкаға кетті.

Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ресейлік боксшылар Олимпиадада сәтсіз өнер көрсетуде. Ал бас бапкер болса, өзі алып келген құрамның жартысынан көбіне көңілі толмайтынын айтқан. Лебзяктың сөзінше, оған ұлттық құраманы жасақтау кезінде көптеген лауазымды тұлғалар әсер етіп, өзіне ұнайтын мықты боксшыларды Олимпиадаға апаруға кедергі келтірген.

Осыдан соң, ашулы Лебзяк Олимпиадаға келіп, ұтылып жатқан боксшыларын "турист", "жолаушы" деп атады.

Бүгін Лебзяк пен оның көмекшілерінің отставкаға кеткені белгілі болды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Олимпиадада өзге елдің намысын қорғайтын қазаққа қатысы бар спортшылар кімдер? (фото)

Словениялық спортшы тікелей эфирдегі сайыс кезінде қаза тапты (видео)

Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Рио-2016: Иван Дычко мен Жәнібек Әлімханұлының ширек финалдағы қарсыластары анықталды

Ресейлік комментаторлар қазақ боксшысының қабілетіне таңдай қақты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216104-bokstan-reseydinh-bas-bapkeri-olimpia.html