RU

Сапарбаев Фархад Харкиді қола жүлдесімен құттықтады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола жүлдеге ие болған Фархад Харкиді құттықтады деп хабарлайды BNews.kz.

«Ұлттық құрамаға әрдайым қолдау білдіретін Ақтөбе өңірі ортақ жеңіске өз үлесін қосқан спортшы ұландарын мақтан тұтады. Сондықтан бұл жетістіктердің барлығы біздің облысымыздың дене шынықтыру және спорт саласының дамуына жаңа қарқын беретініне сенеміз. Сіздің спорттағы алар асуларыңыз әлі де биік болуына тілектеспіз. Біз ел құрамасындағы спортшыларымызға үлкен сенім артамыз, жаңа жеңістер, рекордтар мен жетістіктер күтеміз», - делінген құттықтау жеделхатында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақ басшысы қазақстандық атлетке мықты денсаулық және жаңа спорттық биіктерді бағындыра беруге тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Фархад Харки Олимпиада ойындарында Ақтөбе облысының атынан қатысқан болатын. Спортшы жұлқа көтеру сайысында 135 келіні көтерді. Келесі мүмкіндігінде 140 келіге тапсырыс берген ол өкінішке орай бұл салмақты еңсере алмады. Ал серпе көтеруде жерлесіміз 170 келіні көтеріп, үздік үштікке ілінді.

Тағы да оқыңыз:

Кәрім Мәсімовтің Twitter-дегі бастамасы мазаққа айналды (фото)

Алматы облысында тұрғындар ауыл мешітінің бас имамы сәлаф деп күдіктенеді

Студент қазақстандықтар бай қытайларға қалай тәнін саудалайтынын айтып берді

Мақпал Исабекованың әнін тыңдаған сайын жылай беретін балақай жұртты таң қалдырды (видео)

Словениялық спортшы тікелей эфирдегі сайыс кезінде қаза тапты (видео)

Олимпиадада өзге елдің намысын қорғайтын қазаққа қатысы бар спортшылар кімдер? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216139-saparbaev-farkhad-kharkidi-qola-zhuldes.html