RU

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

49 келіде сынға ел намысын қорғаған Біржан Жақыпов өзбекстандық Хасанбай Досматовтан ұтылып қалды.

Осылайша, ұлттық құраманың ең тәжірибелі боксшысы Олимпиаданы аяқтады. Біржан осымен үшінші Олимпиадасынан құр қол қайтып отыр.

Өзбек боксшысы бүкіл жекпе-жек бойына басымдық танытып, Біржан Жақыповты жартылай финалға жіберген жоқ.

Кездесу барысында Хасанбайдың дәл соққыларынан Біржанның қабағы да ісіп кеткені байқалды. Біржан мен Хасанбай осыған дейін үш рет кездесіп, 2:1 есебімен Жақыпов алда тұрған еді. Бүгін өзбек боксшысы жалпы есепті теңестіріп кетті.

Біржан Жақыпов Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол Бейжің, Лондон және Рио Олимпиадаларына қатысып, үшеуінен де медаль алған жоқ.

Жақыпов Алматыда өткен 2013 жылғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Қарны шығып кеткен спортшы жанкүйерлерді күлкіге қарық қылды (фото)

Ресейлік боксшы Олимпиадада ұтылғаны үшін Қадыровтан кешірім сұрады

Олимпиадада өзге елдің намысын қорғайтын қазаққа қатысы бар спортшылар кімдер? (фото)

Словениялық спортшы тікелей эфирдегі сайыс кезінде қаза тапты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216343-ozbek-boksshysynan-utylghan-birzhan-zhaq.html