RU

Дмитрий Баландин: Мен бұл бақытты сезіну үшін барымды салдым

Дмитрий Баландин жүзуден тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы  атанды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары мұны сенсацияға балауда.

Алайда, Баландин өзінің бұл жеңісіне сенімді болғанын айтады.

"Медалім қазір айтарлықтай ауыр. Әлде мен шаршап қалдым ба (күлді)?", - дейді спортшы.

"Осыдан үш жыл бұрын Барселонада әлем чемпионаты өткенде біз жүлдегерлер маңына жақындай алмадық. Сол кезде  залда бір спортшыны марапаттағаны есімде. Жанкүйерлер бүкіл залды дүр сілкіндіріп, спортшы алтын алғанда құттықтады. Әлі есімде, сол кезде осындай бақытты сезіну үшін мен де барымды саламын дедім. Міне, сол күн туды. Алға, Қазақстан", - дейді Баландин.

Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Олимпиада чемпионы атанды. 21 жастағы алматылық спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы.

Баландин 2014 жылғы Азия ойындарында жарқ етіп көрінді. Ол Азиаданың үш дүркін чемпионы, Универсиада ойындарының жеңімпазы.

Спортшы 1995 жылы 4 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

 

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Олимпиадада жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұл туралы не білеміз? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216605-dmitriy-balandin-men-bul-baqytty-sezi.html