RU

Қымбатшылық онсызда «үнемдеу режиміне» көшкен халықты әбден абдыратты

Соңғы бір айда азық-түлігі ең қымбаттаған қалалардың бірі әсіресе, Қарағанды. Қымбатшылық онсызда «үнемдеу режиміне» көшкен халықты әбден абдыратты деп хабарлайды 31 арна.

Бұған дейін облыста 65-70 теңгеден сатылып келген нанның бағасын айтпағанда, сұйық майдың өзі 500 теңгеден сатылатын болған. Тұрғындар «бағасы удай азыққа қалтамыздың қауқары жетпейді» деп ренжулі.

Дәл қазір қымбаттап жатқан азық-түлік бағасына көпшілік таң қалудан қалды. Өйткені халық «көп тұтынатын тауарлардың құны күн санап шарықтайды» дейді. Әсіресе, қарағандылықтар азық-түліктердің шағын дүкендерде қолжетімсіз болып бара жатқанына өкпелі.

Халықтың бұл сөзінің жаны бар. Расымен, ет өнімдерін сатып алып тұтыну Қарағанды тұрғындарына арман бола бастады. Өйткені, сиыр етінің бір келісін қазір 1800 теңгеден арзан таба алмайсыз.

Сөйтіп Қарағанды облысында еттің құны 1400-ден - 1800 теңгеге көтерілсе, 60 теңгелік нанның бағасы бес теңгеге қымбаттаған. Қанттың құны 260 теңгеден 280-ге бір-ақ көтеріліпті. Ал 360 теңгенің сұйық майы - қазір 500 теңге, сүттің 1 литрі 260-тан 330 теңгеге өскен.

Ал сауда орындарына мониторинг жасайтын шенеуніктер кішігірім дүкендерде бағаның шарықтағанын бес саусақтай білетін болып шықты. Білсе де білек түруге қауқарсыз екен. Өйткені, баға тек әкімдікпен келісімшартқа отырған дүкендерде ғана қадағаланады дейді. Қазір бақылауда сондай 700-ден астам сауда орны бар.

"Бүгінгі күнде негізгі нанның бағасы бүгін 60-62 теңге. Мүмкін ол ұсақ-ұсақ дүкендерде шығар?" , - дейді Қарағанды қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі ММ басшысының орынбасары Ырсалы Сартбаев.

Сондай-ақ, Қарағанды өңірінде көкөністердің де құны өскен. Шенеуніктер қымбатшылықты облыста жиі жауған жаңбырдан көреді. Сөздерінше, жауыннан өнім жинайтын техникалар батпаққа батып, қиындық туғызыпты. Сондықтан оңтүстіктен жеткізілетін тауарлардың құнын сатушылар екі есеге шарықтатуға мәжбүр.

Тағы да оқыңыздар:

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Олимпиадада жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұл туралы не білеміз? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216640-qymbatshylyq-onsyzda-unemdeu-rezhimi.html