RU

Назарбаев Олимпиадада алтын медаль иеленген спортшыларымызды құттықтады

Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген спортшыларымызға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент алғаш құттықтауын Нижат Рахимовқа жолдады.

«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын күресте мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», - делінген Нижат Рахимовқа бағытталған жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі.

Мемлекет басшысы Дмитрий Баландинді суға жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген Баландинге бағытталған жеделхатта.

Қазақстан президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Еске сала кетек, Рио-де-Жанейрода 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтижемен алтын жүлдеге ие болды.

Ал Дмитрий Баландин жүзуден тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Тағы да оқыңыздар:

Жазираның әкесі: Қаршадай ғана қызымыздың бұл жүлдесі - күллі қазақ үшін үлкен қуаныш

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Олимпиадада жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұл туралы не білеміз? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216739-elbasy-olimpiadada-altyn-medal-iele.html