RU

Алматыдағы шабуылда жараланған тағы бір полиция қызметкері көз жұмды

Алматыда 18 шілдедегі қарулы шабуылдан жараланған тағы бір полиция қызметкері Жалғас Келдібаев қайтыс болды.

Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап Азаттық хабарлады.

ІІД мәліметіне қарағанда, 1992 жылы туған Жалғас Келдібаев бүгін таң ата №12 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Дәрігерлер жараланған кездегі оның денсаулығын аса ауыр деп бағалаған.

Полиция сержанты Жалғас Келдібаев ІІД жол-патрульдік полициясы қызметінде 2014 жылдан бері жұмыс істеген. ІІД марқұмды үйленбеген дейді.

18 шілдеде Алматыда полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны осымен сегіз адамға жетті.

Олардың алтауы - полиция қызметкері. Шабуыл кезінде және одан соң көшеде қарудан оқ атылып, әуелде үш полицей мен шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сегіз адам жараланып ауруханаға түскен.

Қылмысқа күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны, 1990 жылы туған Руслан Күлекбаев ұсталып, екі айға қамалған.

Тағы да оқыңыздар:

Жазираның әкесі: Қаршадай ғана қызымыздың бұл жүлдесі - күллі қазақ үшін үлкен қуаныш

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Олимпиадада жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұл туралы не білеміз? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216744-almatydaghy-shabuylda-zharalanghan-taghy.html