RU

Путин: Киев бейбітшілікке террор арқылы жеткісі келеді

Ресей президенті Владимир Путин Украина үкіметін бейбітшілікке "террор" арқылы жеткісі келеді деп айыптап, Мәскеу Қырымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "салмақты шаралар" қабылдайтынын ескертті деп хабарлайды Азаттық.

Путиннің бұл сөзінен бұрын Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) қауіпсіздік қызметінің екі қызметкері қаза тапқан екі оқиға туралы мәлімдеген. ФСБ бұл оқиғалар кезінде "Украина барлау қызметі мен қорғаныс министрлігі ұйымдастырған Қырымдағы маңызды инфрақұрылымдық нысандарға зымияндық әрекет жасау" актісінің алды алынғанын айтады.

Украина президенті Петр Порошенко бұл айыптауларды "қиял" және жаңа әскери доңайбат көрсетуге ілік іздеу деп атады. Украина қорғаныс министрлігі ФСБ-ның мәлімдемесі "басқыншылықты ақтау" және Қырымға қайтара әскер кіргізу әрекеті сияқты көрінетінін мәлімдеді.

Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Дмитро Кулеба Twitter-дегі парақшасында "Путин соғысты жалғастырғысы келеді. Ресей шиеленісті ұлғайтып, соғыс бастауға ілік іздеп тұр, Батыстың реакциясын тексеріп жатыр" деп жазды.

Соңғы уақытта Украинаның шығысында үкімет әскері мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер арасында қақтығыс күшейген.

Тағы да оқыңыздар:

Жазираның әкесі: Қаршадай ғана қызымыздың бұл жүлдесі - күллі қазақ үшін үлкен қуаныш

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Олимпиадада жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұл туралы не білеміз? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216852-putin-kiev-beybitshilikke-terror-arqy.html