RU

Депутат жағдайы төмен отбасылардың балаларына мектеп жабдықтарын тегін таратты

Жаңа оқу жылына дайындық қызған тұста Орал қалалық мәслихат депутаты, «Оралагрореммаш» АҚ вице-президенті Азамат Бисенов №31 орта мектептің аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларын мектепке дайындады.

Бұл туралы BAQ.kz "Жайық үні" газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Халық қалаулысының қайырымдылық ісі №31 орта мектепте басталып, білім ұясының 20 оқушысы оқу құралдарына толы сөмкеге ие болса, үш оқушысы мектеп формасымен қамтамасыз етілді.

"Депутат ретінде округімдегі әр тұрғынның мәселесімен танысып, қажетінше қол ұшын созуға міндеттімін. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың қабағына кірбің түспей, алаңсыз білім алуына ықпал еткім келеді", – деген Азамат Ғимранұлы бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыс етті.

Депутаттың игілікті ісіне қуанған ауыл тұрғындары оған алғыстарын білдірді.

"Төрт баланың анасымын. Биыл ұлым – Ернар сегізінші, қызым – Айжан алтыншы сыныпқа барады. Жолдасым өткен жылы жол апатына ұшырап, жұмыссыз қалды. Жақында ғана жиһаз дүкеніне ағаш ұстасы болып жұмысқа орналасты. Өзім бала күтімімен үйде отырмын. Базарда мектепке қажетті оқу-құралдарының бағасы шарықтап тұр. Пәтер жалдап тұрамыз. Сондықтан қайырымды жандардың көмегіне мұқтажбыз. Депутатымыз екі баламды толықтай мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Алғысым шексіз", - дейді ауыл тұрғыны, көп балалы Айнұр Үмбетова.

Іргетасы осыдан 55 жыл бұрын қаланған білім ұясында 350 бала білім алса, биыл бірінші сынып табалдырығын 57 бүлдіршін аттағалы отыр.

Мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, қысқы маусымға дайындалып қойған. Қазіргі таңда айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 23 оқушыны жаңа оқу жылына дайындау үшін жомарт жандар біртіндеп мектепке ат басын бұруда.

Осы мақсатта қалалық білім беру бөлімі жанынан 300 мыңдай қаржы бөлінген.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Олимпиадада жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұл туралы не білеміз? (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1216929-deputat-zhaghdayy-tomen-otbasylardynh-b.html