Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық комментаторлар Баландинді "қазақтың сары баласы" деп атады

Опубликовано:

Бүгін 200 метрге брасс әдісімен жүзуде қазақстандық Дмитрий Баландин алтын медаль иеленді. Жас спортшының бұл жеңісін шетелдік басылымдар сенсацияға балауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Vesti.kz

Ал отандасымыздың жеңісіне қатты қуанған комментаторлар Баландинді  "қазақтың сары баласы" деп атады. Олар осылайша Қазақстанға тұңғыш рет жүзуден Олимпиада алтынын сыйлаған спортшының жеңісіне ырза болған.

Ресейлік комментаторлар да қазақстандық спортшының жеңісін ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, Баландин осыған дейін Универсиада мен Азия ойындарын жеңіп алған. Бір қызығы, Дмитрий өзін 100 метрге брасс әдісімен жүзуге шебермін деп атаған. Ал 200 метрге жүзу оған ауырлау екен.

Рио Олимпиадасында жерлесіміз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға шығып, 8-ші орын алса, 200 метрге жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Жазира Жапарқұл журналистерге орысша сөйлемеймін деп қалжыңдады

Дмитрий Баландин: Мен бұл бақытты сезіну үшін барымды салдым (видео)

Зілтемір көтермек болған армениялық атлеттің қолы сынып кетті (видео)

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1217221-otandyq-kommentatorlar-balandindi-q/

pixel