RU

Өзін туған бауыры тонап кеткен атыраулық азамат есеңгіреп қалды

Атырау облысында туған ағасын тонап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Атырау облысының Махамбет аудандық соты Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық істі қарады.

Сотталушы 2016 жылдың мамырында Махамбет поселкесіндегі туған бауырының үйіне қонуға келеді. Бәрі ұйқыға кеткенін күтіп, әрқайсысы 20 мың теңге болатын екі ұялы телефон мен алтын сырғаны қолды қылып, қашып кеткен.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі сот отырысында айыпкердің ағасына тигізілген зиянды толықтай өтеп, медиация арқылы татуласқанын хабарлады. Қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Тағы да оқыңыздар:

Жазираның әкесі: Қаршадай ғана қызымыздың бұл жүлдесі - күллі қазақ үшін үлкен қуаныш

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Дмитрий Баландин: Мен бұл бақытты сезіну үшін барымды салдым (видео)

Олимпиаданың алтын жүлдегері Дмитрий Баландин жайлы не білеміз? (фото, видео)

Алексей Ни: Олимпиадада медаль алған алғашқы қазақ қызы болса да, Жазирада өсу жоқ

Рио Олимпиадасы: 11 тамызға арналған кесте

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217245-ozin-tughan-bauyry-tonap-ketken-atyrau.html