RU

Испанияда нәресте "жейдемен" дүниеге келді

Испанияда өте сирек кездесетін жағдай орын алды. Елде "перделі бала" өмірге келді. Бұл 80 мыңның бірінде болатын жағдай, деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ.

«Перделі бала» ұғымы жайдан-жай пайда болған жоқ, өте сирек жағдайда қағанақтан су кетпей қалып, бала қағанақ пердесінің ішінде өмірге келеді. Қағанақ пердесімен бірге бала тек 80 мың жағдайдың бірінде туады.

Ал бұл жағдайдың таңғаларлық тұсы - қағанақ пердесі ішінде егіздің сыңары болған.

Емхана дәрігерлері жаңа туған нәрестені жағалай қоршап алды: олардың көбі мұндай жағдайға өз тәжірибесінде енді куә болмасы анық. Дәрігерлер қағанақты кесіп, ішінен жас сәбиді шығарып алды. Оның өміріне еш қауіп жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217264-ispaniyada-koylek-kiip-alghan-sabi-duni.html