RU

Қытайлық қымбат велосипедті ұрлау үшін талды ерінбей кесті (видео)

Қытайдың Хунань провинциясының Чанша қаласында полиция ағашқа байланған қымбат велосипедті ұрлау үшін оны ерінбей кесіп құлатқан ұрыны іздеуде.

Қаскүнемнің әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған деп жазады ҚазАқпарат.

Жарияланған видеода ер адамның жанталасып ағашты кесіп жатқаны анық түсіп қалған, алайда жолшыбай өтіп келе жатқан мотоциклшіден қорқып қалып, оның назарын өзіне аудармас үшін ағаш жанынан кетіп, өз мотоцикліне отырып кетпекші болған кейіп танытады.

Күтпеген куәгер өтіп кеткен соң, ер адам ағашты құлатып, велосипедті мотоцикліне салып алып тайып тұрған, деп жазады rosbalt.ru.

Тағы да оқыңыздар:

Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Зілтемір көтермек болған армениялық атлеттің қолы сынып кетті (видео)

Илья Ильин Рио Олимпиадасына аттанды 

Отандық комментаторлар Баландинді "қазақтың сары баласы" деп атады

Жазира Жапарқұл журналистерге "орысша сөйлемеймін" деп қалжыңдады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217449-qytaylyq-qymbat-velosipedti-urlau-ush.html