RU

Ақтөбеден «Сириядағы соғысқа бармақ болған» 12 адамның үкімі күшінде қалды

Ақтөбе қалалық сотының апелляциялық алқасы «террористік топ құрамында Сириядағы соғысқа қатыспақ болғаны» үшін өткен айда 6-8 жылға бас бостандығынан айырылған 12 адамға шығарылған үкімді күшінде қалдырды.

Ақтөбе қаласының 2-соты 12 шілдеде 39 жастағы Жанболат Сәрсенбаевты қылмыстық кодекстің «қылмысқа дайындалу және оқталу», «террористік топ құру, оған басшылық жасау» және «террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру» баптары бойынша айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырған.

Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтемек. Сот 57 жастағы Марат Төрехановты жеті жылға жалпы режимдегі түзеу колониясына қамауға үкім еткен. Қалған 10 адам алты жылға бас еркіндігінен айырылған. Сот барлығының дүние-мүліктерін тәркілеуге шешім шығарған.

Сот үкіміне сәйкес, бұл он екі адам «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының қатарына қосылып, «Сирия республикасы аумағында болып жатқан қарулы қақтығыстарға қатысуды, яғни террорлық іс-әрекеттерге қатысуды жоспарлағаны» үшін айыпты деп танылған.

Таяу Шығыста соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» тобын Қазақстан былтыр қазан айында террорлық ұйымдар тізіміне енгізіп, ел аумағында қызметіне тыйым салған.

Тағы да оқыңыздар:

Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Зілтемір көтермек болған армениялық атлеттің қолы сынып кетті (видео)

Илья Ильин Рио Олимпиадасына аттанды 

Отандық комментаторлар Баландинді "қазақтың сары баласы" деп атады

Жазира Жапарқұл журналистерге "орысша сөйлемеймін" деп қалжыңдады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217510-aqtobeden-siriyadaghy-soghysqa-barmaq.html