RU

Алтын ала алмаған мысырлық ауыр атлет Рахимовты допинг қолданды деп айыптады

Eurosport.com хабарлауынша, 77 келіге дейінгі салмақта қоланы еншілеген мысырлық ауыр атлет Мохаммед Махмуд жарыста жеңіске жеткен қазақстандық Ниджат Рахимовтың жетістігіне күмәнді екенін жасырмады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

"Бірнеше допинг бақылаудан өткеннен кейін біраз жағдай өзгеруі мүмкін. Рахимов осындай қысқа уақытта өз нәтижесін бірден жақсартуы мүмкін емес", - деді Мохаммед.

Рахимов 379 келі нәтиже көрсетіп, алтын ұтты. Мысырлық зілтеміршінің нәтижесі - 361. Күміс жүлдегер (379 келі) қытайлық Лю Сяоцзюнь Рахимовтан салмағы ауыр болғандықтан, жол беруіне тура келді.

Еске салсақ, Нижат Рахимовқа байланысты 2013-2015 жылдар аралығында допинг-сынама оң нәтиже беріп, жарыстан шеттетілген.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Зілтемір көтермек болған армениялық атлеттің қолы сынып кетті (видео)

Илья Ильин Рио Олимпиадасына аттанды 

Отандық комментаторлар Баландинді "қазақтың сары баласы" деп атады

Жазира Жапарқұл журналистерге "орысша сөйлемеймін" деп қалжыңдады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217521-altyn-ala-almaghan-mysyrlyq-auyr-atlet.html