RU

Дмитрий Баландин бала кезде судан өлердей қорыққан

Рио Олимпиадасында америкалық пен ресейліктен озып, әлемдік рекордты жаңартқан Дмитрий Баландин бала кезде судан өлердей қорыққан деп хабарлайды КТК арнасы.

Дима 200 метрді небәрі 2 минут 7 секундта кеудемен жүзіп өтіп, әлемдік рекорды жаңартты.

"Қолымнан келгеніне қуаныштымын. Стадион аяғынан тік тұрып қошемет көрсетті. Маған қолдау көрсеткен баршаға үлкен рахмет", - дейді Рио-де-Жанейро олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Баландин.

Ал Диманың бала кезде судан өлердей қорыққанын бапкерлерінен басқа ешкім білмейді. Бірақ бауырының арқасында болашақ чемпион бұл фобиядан арылған. Сондықтан болар, бәрінен бұрын оның жеңісіне ағасы қуанды.

"Жеңгенін таңғы жетіде естідік. Басында түсінбей қалдық. Сосын қуанғаннан көзімізден жас шықты. Інім жарады", - дейді Дмитрий Баландиннің ағасы Алексей Баладин.

Ал әкесі теледидардан көз алмай әлі отыр. Олимпиаданың қайталауын қараған ол баласының бас жүлдесіне әлі сене алар емес.

"Ұлым, жарады! Шынымды айтсам не дерімді білмеймін. Бастысы арманы орындалды", - дейді Дмиртий Баландиннің әкесі Игорь Баладин.

Әлемдегі небір кіл мықтыны артта қалдырып, Қазақстанға алтын алған Дима бала кезден бастап міне қарапайым бассейнде дайындалған. Тіпті есейгенде де арасында келіп жаттығып жүріпті. Чемпион шыққан хауыз ешқандайда алтын жалатылмаған. Тіпті ескіргені сонша, темірлерінің сыры әлдеқашан кетіп қалған.

Баландин әлі мектепке бармай тұрып-ақ бәйгелерден бірінші орын алып жүріпті. Есейе келе, халықаралық жарыстарға аттанған. Риодағы жетістік оның алтыншы алтыны екен.

"Рас, төртінші сыныпта ол судан қатты қорқатын. Бірақ, ол қорқынышты жеңе алды. Кейіннен судан мүлде сескенбейтін болып, жарыстарға шыға бастады", - дейді бапкер Андрей Хохлов.

Баландинді баптағандар енді еңбегі сіңген бапкер атағынан үміттеніп отыр. Олай айтатындай-ақ бар. Өйкені Баландин еліміздің тарихында тұңғыш рет жүзуден олимпиада чемпионы атанды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Біржан Жақыпов елді ұятқа қалдырғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Зілтемір көтермек болған армениялық атлеттің қолы сынып кетті (видео)

Илья Ильин Рио Олимпиадасына аттанды 

Отандық комментаторлар Баландинді "қазақтың сары баласы" деп атады

Жазира Жапарқұл журналистерге "орысша сөйлемеймін" деп қалжыңдады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217553-dmitriy-balandin-bala-kezde-sudan-ole.html