RU

Оқуға тапсырған Сәкен Майғазиевті көрген талапкерлер сынақты ұмытып кетті (фото)

«МузАрт» тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясына оқуға тапсырып жатыр, деп хабарлайды NUR.KZ.

Биылғы талапкерлердің арасында «МузАрт» тобының мүшесі Сәкен де бар. Ол өзінің бағы мен білімін сынап, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына докторантураға оқуға түспек ниетте.

Әншілікпен қоса, ұстаздық қызметті де қатар алып жүрген Майғазиев білімін шыңдай түсіп, қосымша ілім үйренуге деген талпынысын жасырмады.

Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына талапкерлермен бірге түскен суретін салып: «Адамзаттың асылының (с.а.с.):" Тал бесіктен жер бесікке дейін оқы (үйрен)" деген өсиетіне амал етіп, Қазақ Ұлттық Өнер Академиясынан докторлық қорғасам деген ниетпен ағылшын тілінен сынақ тапсырып қайттым. Нәтижесі "нәрмәлні" болса болар ед(і). Сәттілік тілеп қойыңыздар», - деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Ал желі қолданушылары әншіге ағылшын тілінен өтетін сынақта сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев 1993 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алған.

1997 жылы Темірбек Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімне оқуға түседі. 2012 жлыдан бастап Жүсіпбек Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеген.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Елеусінов қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Әділбек Ниязымбетов Олимпиаданың келесі айналымына шықты

Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады (фото)

Қайрат Ерәлиев әзірбайжандық әлем чемпионын жеңді (фото)

Германия Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217786-oqugha-tapsyrghan-saken-mayghazievti-ko.html