RU

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды (фото)

Оқиға Жаңаөзен қаласынан 10 шақырым қашықтықта орын алған. Жаңаөзен-Құланды тас жолында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 4 адам көз жұмды.

Бұл туралы Lada.kz порталына сілтеме жасап Skifnews.kz басылымы хабарлайды.

Алдын ала айтылған мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігі ВАЗ-2115 жеңіл көлігіне соқтығысқан.

"Жол апаты орын алған жерге бір арнайы техника жіберілді. Оқиға орнынан ВАЗ-2015 көлігінде болған 4 адамның мәйіттері табылды. Оларды мыжылған көліктің ішінен алып шығу үшін арнайы техниканың көмегі қажет болған", - дейді Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.

Фото: lada.kz

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: 11 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Қарағандыда үлкен салтанатпен ашылып, бір де бір ұшақ шығармаған зауыт сатылымға қойылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атырау облысында мемлекеттің миллиондарына салынған емхана құлағалы тұр

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217890-manhghystauda-zhan-turshigerlik-zhol-apat.html