RU

Рио-2016 күнделігі: 12 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сынға түседі

12 тамыз күні Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар сайыстың алты түрінен сынға түседі деп хабарлайды BAQ.kz.

17:30-да біздің ескекші Владислав Яковлев «Лагоа» стадионында академиялық есуде финалдық бәсекеге түседі. Ол - халықаралық санаттағы спорт шебері, жасөспірімдер арасында 2010, 2011 және 2012 жылдардағы Азия чемпионы.

18:00 сағатта академиялық есуден өтетін финалдқ бәсекеде қазақстандық спортшы Светлана Германович өз бағын сынамақ.

18:00-де нысана көздеуден 50 метрлік жатып атудан мықтылар анықталады. Біліктілік сайысында біздің елдің намысын былтыр Қазақстан рекордын жаңартқан Юрий Юрков қорғайды.

18.30-да жеңіл атлетикадан жарыс басталады. 34 саңлақ сынға түсер сайыста А тобында біздің отандасымыз Евгений Лабутов диск лақытрудан күш сынасады. Соңғы жылдары Лобутов Қазақстанда ешкімге дес бермей келеді. Бірақ Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін жолдама алады деп ешкім ойламаған еді.

22.30-да 75 келіге дейінгі салмақта 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, еліміздің мақтанышы Жәнібек Әлімханұлы алжирлік өрен - 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы Ильяс Аббадимен жұдырық түйістіреді.

23:30-да Понтал муниципалитетінде спорттық жүрістен жарыс өтеді. Ерлер арасындағы 20 шақырымдық додаға біздің елдің атынан Георгий Шейко шығады. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 20 шақырымдық сайыста 35-орынға ие болған жас өрен биыл қалайда орын иеленуді көздейді.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: 11 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Қарағандыда үлкен салтанатпен ашылып, бір де бір ұшақ шығармаған зауыт сатылымға қойылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атырау облысында мемлекеттің миллиондарына салынған емхана құлағалы тұр

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217919-rio-2016-kundeligi-bugin-qazaqstandyqta.html