RU

Әнші Қарақат егіз қыздың анасы болуды армандап жүр

Танымал әнші Қарақат Әбілдина егіз қыздың анасы болу – арманы екенін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына егіз қызбен түскен сурет, жүктеп, оған дәл осы қыздар секілді егіз перзенті сүйгісі келетінін жазған.

«Бұл Сәнерке, Жанерке есiмдi егiздер, сонау ауылдан, Жәйрем кентiнен Астанаға екi арманмен келген екен. Бiрi "Бәйтеректi" көру болса, екiншiсi менiмен жолығып, әндерiн тыңдатып, фотоға түсу болған. Сөйтiп, мiне, бала армандарына қол жеткiзiп, (сiз сияқты атақты әншi болсақ қой) деп - олар, осындай (егiздерiм болса ғой) деп - мен, қысқасы, мына жерде барлығымыз қиялдап тұрғанға ұқсаймыз ғой. Армандар орындалады», - деп жазды әнші.

Әншінің бұл тілегін естіген қолданушылар оған бұл арманның орындалуын тіледі.

Еске салсақ, Қарақат пен Қыдырәлі бүгінде төрт ұл тәрбиелеп отырған отбасы. Қарақаттың қызды болу туралы арманын жуырда Қыдырәлі де «Бенефис-шоу» бағдарламасының эфирінде айтып қалған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: 11 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Қарағандыда үлкен салтанатпен ашылып, бір де бір ұшақ шығармаған зауыт сатылымға қойылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атырау облысында мемлекеттің миллиондарына салынған емхана құлағалы тұр

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1217943-anshi-qaraqat-egiz-qyzdynh-anasy-boludy.html