RU

Ақмола облысындағы бассейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы басейнге олимипиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беріліп отыр. Бұл шешімге жергілікті жастар бастамашылық танытып отыр, деп хабарлады 24.kz арнасы.

Рио Олимпиадасын қалт жібермей, қадала қарайтын жергілікті халық заман талабына сай тамаша бассейнге еліміздің мерейін асырған Дмитрий Баландиннің есімін беруді қош көріп отыр.

"Бассейнді қалай атауды ойланып жүр едік. Енді, міне, чемпион атымен атайтын боламыз. Себебі Ақкөл тұрғындары өтініш білдірді. Осы бізден де, Ақкөлден де чемпион шықсын деген үміттеміз", - дейді аудандық жастар орталығының жетекшісі Мадина Құсайынова.

Белсенділердің бірінің айтуынша, бұл қала жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттыратын болады.

Ақкөл бассейнінің ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала бүгіндері республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғауда.

«Біз балаларды жарыстарға дайындаймыз. Осында үш жыл бойы дайындалып жатқан балалар бар. Ең мықты ондыққа кірдік. Біз олардың дұрыс тәрбиелеуге тырысамыз, олардан чемпион шығатынына сенімдіміз», - дейді жатықтырушы Сергей Девятко.

Дмитрий Баландиннің жеңісіне қуанғандардың бірі 10 жастағы Даниил Анушкевич. Жас суда жүзуші брасс және кроль әдісін меңгеруде. Келешекте ол да маңызды бірнеше медаль алатынына сенімді.

«Мен бассейін ашылған күннен бастап, осында келіп жаттығамын. Жеңіс мені қанаттандырып, мен де олимпиада чемпионы болғы келеді. Спортың бұл түрі маған қатты ұнайды», - дейді Д.Анушкевич.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: 11 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Қарағандыда үлкен салтанатпен ашылып, бір де бір ұшақ шығармаған зауыт сатылымға қойылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атырау облысында мемлекеттің миллиондарына салынған емхана құлағалы тұр

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218028-aqmola-oblysyndaghy-basseynge-olimpi.html