RU

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

 Қай облыс әкімінің қандай жұмыс атқарып, ол қалай қабылданып, бағаланып, нендей нәтиже беріп жатқанын «Саясат-Monitoring» аймақ басшылары арасында жасаған рейтингінде көрсетіпті.

Көш басында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұр деп хабарлайды sayasat.kz порталына сілтеме жасап Абай.кз басылымы.

Шілде айындағы облыс әкімдері рейтингін түзуге қатысқан саясаттанушылар, журналистер, блогерлер, политтехнологтар Көшербаевтың көш бастауы аймақтағы жер мәселесіне қатысты болды депті. Қырымбек Елеуұлы жер мәселесі саяси реңк алып, қоғам мен билікті алаңдатып отырған шақта, шілде айында инженерлік инфрақұрылымы толық жүргізілген, аумағы 980 гектарды құрайтын жаңа «Бәйтерек» ауданын ашып, жеке тұрғын үй салу үшін 6600 азаматқа жер телімін берген.

Рейтингке қатысқандар Көшербаевтың осы әрекеті биліктің жер мәселесіне қатысты қоғаммен арадағы жағдайына оң нәтиже берді деп бағалапты. Қызылорда әкімі әлеуметтік-экономикалық мәселеде жаңа аудан ашып, жер телімдерін ғана берумен шектелмей, Қызылорда қаласы Титов ықшам ауданында 60 жас отбасына жаңа пәтердің кілтін тапсырып, жағдайы төмен 200 отбасыға кәсіпкерлердің демеушілігімен азық-түлік таратып, 60 пәтерлік жаңа үйдің іргетасын қалады.

Рейтингте екінші орынды Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек иеленіпті. Сарапшылар Алматыға әкім болып тағайындалғаннан бері Байбектің әр жұмысы президенттің назарында екенін айтқан.

Үшінші орында Астана әкімі Әсет Исекешев. Исекешевтің Астана қаласы әкімі болып тағайындалғанына көп уақыт өткен жоқ. Алайда, базарға барып, азы-түлік бағасын көріп, әуежайда бой көрсеткен Астана әкімі осы белсенділігімен көзге түсіп, үздік үштікке кіріпті. Сарапшылар «болашағынан үміт күттіретін әкім» деп бағалап, алдағы уақытта да Исекешев үздіктер қатарынан көрінеді деп болжапты.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: 11 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Қарағандыда үлкен салтанатпен ашылып, бір де бір ұшақ шығармаған зауыт сатылымға қойылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атырау облысында мемлекеттің миллиондарына салынған емхана құлағалы тұр

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218099-akimder-reytinginde-qyrymbek-kosherb.html