RU

Желі қолданушылары Баян Есентаеваның жүзін бір көруге ынтық (фото)

Продюсер Баян Есентаева желіге жүзін көрсетпей түскен суреттерін салуды қояр емес, деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі продюсердің Instagram желісіндегі парақшасы жаңа суреттермен толыға түскен сайын, қолданушылар оның жүзін көруге асыға түсті. Актрисаның желідегі парақшасы кезекті суреттермен толықты. Алайда, көп күттірген суреттер тағы да көрермен қызығушылығын баса алмады, қайта одан әрі ынтықтыра түскендей болды.

«Сізге Аллам денсаулық берсін. Сізді қайта көргіміз келеді», «Амандығынызды тілейміз», «Біз сізді көргіміз келеді, күтіп жүрміз», «Бұл суреттер маған мылқау, еш сезімі жоқ сурет болып көрініп тұр (махаббат та, жек көрініш те жоқ). Өте қорқынышты, себебі адамның арғы жағы қаңырап бос тұрғандай, еш сезім жоқ, тек тыныштыққа ұмтылыс қана», «Неге суретіңізді салмайсыз, бізді үздіктірмей» - деп жазды қолданушылар.

Өміріндегі қиын кезеңді шетелдегі демалысы арқылы жеңілдеткісі келген Баянның жүзін бір көруге ынтыққан қолданушылары оған тезірек қайтып оралуды тілеп жатыр.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шыққан еді. Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған.

Ал тамыздың 3 күні оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысындағы бассейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

Мәсімов Медведевпен Кенесары ханның басын елге қайтару мәселесін талқыламақ

Бейіт басында суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттың ашуына тиді (фото)

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218135-zheli-qoldanushylary-kuyeui-soqqygha-zhy.html