RU

Алматы облысында көңілдесін өлтіріп қойған әйел 9 жылға сотталып кетті

Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кісі өлтірген Қарасай ауданының 29 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс 2016 жылы Қарасай ауданы Іргелі кентінде орын алған. Әйел көңілдесімен ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалады, ер адам оған қол жұмсаған сәтте әйел оның мойын тұсын пышақпен тіліп жібереді.

Жедел жәрдем келгенше жарақаттан ер адам көз жұмады.

Сот үкімімен әйел Қылмыстық кодекстің 99-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды, оған жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 9 жыл бас бостандығынанан айыру үкімі тағайындалды.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысындағы бассейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

Мәсімов Медведевпен Кенесары ханның басын елге қайтару мәселесін талқыламақ

Бейіт басында суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттың ашуына тиді (фото)

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218183-konhildesin-oltirip-qoyghan-ayel-9-zhylgha.html