RU

Павлодар аулаларының бірінде Жак-Ив Кустоның ерекше портреті пайда болды (фото)

Атақты мұхит зерттеушісінің бейнесін қабырғаға салған автор бұл жұмысын өңірлік «Ертіс күні» мерекесіне арнап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Ярослав Александровтың айтуынша, соңғы кезде шаһарда ағал-жағал сөздер жазылған бейәдеп суреттер көбейген. Бұған тосқауыл жасауды ойластырған суретші алдымен коммуналдық қызмет мекемесінің рұқсатын алуды жөн санапты.

Кейін-ақ қабырғаға Жак-Ив Кустоның бейнесін салған ол бұған бір күндік уақытын жұмсаған. Портреттен өзге мұнда ғалымның туған жылы және өмір жолы қысқаша жазылған.

Атақты мұхит зерттеушісін танып білгендер жас суретшінің бұл жұмысына оң баға беруде. Ал автордың өзі мұнымен шектелер емес. Тек бастамасына еш кедергі жасалмаса деп тілейді.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысындағы бассейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

Мәсімов Медведевпен Кенесары ханның басын елге қайтару мәселесін талқыламақ

Бейіт басында суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттың ашуына тиді (фото)

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218200-pavlodar-aulalarynynh-birinde-zhak-iv-k.html