RU

Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады

2016 жылдың 30 тамызында Қазақстан Конститутциясына 21 жыл толады. Биылғы Конституция күні сейсенбіге сай келгендіктен, қазақстандықтар бір күн демалады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 2011 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстандағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, 30 тамызда тойланатын Конституция күні мемлекеттік мейрам болып саналады. Еңбек заңнамасына сәйкес, бұл күні халық демалады.

Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда қабылданды (1998 және 2007 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

Конституция күні дәстүр бойынша еліміздің барлық қалалары мен облыстарында жаппай мерекелік қыдырулар мен әуесқой көркемөнер шеберлерінің концерттері өтеді.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысындағы бассейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

Мәсімов Медведевпен Кенесары ханның басын елге қайтару мәселесін талқыламақ

Бейіт басында суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттың ашуына тиді (фото)

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218312-tamyz-ayynda-qazaqstandyqtar-bir-kun.html