RU

Австралиялық желаяқ Усейн Болтпен бірге жүгіруді армандап, 9 жыл дүкенші болған

23 жастағы австралиялық жеңіл атлеттің ерлігіне көптеген жанкүйерлер қол соғуда деп жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алекс Хартманн Олимпиадаға жолдама алу үшін 9 жыл бойы дүкенде жұмысшы болған. Ол толыққанды жаттығуға ақшасы жетпегендіктен, қосымша жұмыс істеп жүріп жаттығыпты.

Күндіз дүкенде жұмыс істеген ол кешкісін Олимпиадаға қатыссам деген арманын жүзеге асыру үшін жергілікті паркте жаттығу жасаған. Өзінің бабына енгеніне сенімді болған ол Австралияның Олимпиадалық комитетіне хабарласып, Риодағы ойындарға апаруды өтінген.

200 метрге жүгіруде сынға түсетін ол Усейн Болтпен бірге жүгіруді армандайды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

Майкл Фелпс 22 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Чехиялық балуан тұғырда марқұм досының суретін ұстап тұрды (фото)

Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218357-avstraliyalyq-zhelayaq-useyn-boltpen-bi.html