RU

ШҚО-да өзін полицей ретінде таныстырған педофил оқушы қызды зорлады

ШҚО-да ер адам өзін кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор ретінде таныстырып, 16 жастағы қыз баланы зорлап тастады. Бұл туралы NUR.KZ ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ер адамның жасы отыздан асқан. Ол "Вконтакте" желісіне тіркеліп, кәмелетке толмаған қызбен танысады. Онымен ұзақ уақыт сөйлесіп, өзін кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекцияның полицейі деп таныстырған. Кейін "ата-анаңды түрмеге тоғытамын" деп қызды қорқыту арқылы кездесуге мәжбүрлеген. Кездесуде азғын қыз баланы зорлап тастаған. Бүгінде сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды», - дейді прокурор Ерлан Қуанбаев.

Статистика бойынша ШҚО-да 2015 жыл ішінде 148 кәмелетке толмаған жеткіншек зорланған. Олардың 21-і ғана сотқа дейін жетті. Себебі, көбі қылмыстың орын алғанын ұялғаннан немесе өзге де себептермен жасырып, дер кезінде полицияға хабар бермеген.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысындағы бассейнге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

Мәсімов Медведевпен Кенесары ханның басын елге қайтару мәселесін талқыламақ

Бейіт басында суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттың ашуына тиді (фото)

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218374-shqo-da-ozin-policey-retinde-tanystyrgh.html