RU

Қазақстандық қызға үйленген нигериялық Қостанайдағы өмірі туралы айтып берді

Нигерия азаматы Мусбау Карим мен қазақстандық Дарья Икерт отбасын құрған. Үйлену тойы Африкада өтіп, жас жұбайлар қыздың отанына қонаққа келді. Мусбау қаланың несімен ұнағанын және жергілікті климат оны несімен таң қалдырғанын айтып берді.

Нигериялық азаматтың Қазақстанға келгеніне бірнеше ай ғана болған деп жазады «Наш Костанай» басылымы. Ол қазір қала ішінде қуана-қуана қыдырып, жергілікті тұрғындармен футбол ойнап жүр.

«Маған қалаларыңыз қатты ұнады. Даша маған Қостанай туралы көп айтатын және мен қала Ресей қалаларымен ұқсас екенін түсіндім. Мен олар туралы көп естігенмін, бірақ, өкінішке қарай, өзім барып көрмегенмін. Қостанай өте шағын, таза және тыныш қала. Бірақ, шынын айту керек, мұнда баратын жерлер аз екен», - деді жас жігіт.

Қазақстанда жүріп ол өзіне қызықты жаңалық ашады.

«Айтпақшы, мен сіздерде Кәрім деген есім барын естідім, -  менің де тегім Карим, сондықтан мен Қазақстанда өзімді Кәрім деп таныстырамын», - дейді Мусбау.

Дашаның айтуынша, ол жұбайын құрбысының күйеуімен таныстырып қойған. Мусбау орысша жақсы сөйлей алмаса да, олар бір-бірін жақсы түсінеді. Олар тез достасып кеткен, қыдырып, бірге футбол да ойнайтын көрінеді.

«Мусбау қала орталығында қыдырғанды ұнатады. Оның көңіліне жақты, олар оған үлкен қызығушылықпен қарап, келіп сұрақ қойып жатады. Сұрақтардың ішіндегі ең жиі қойылатыны: «Сен қай жақтансың?». Біз ұзақ уақыт бойы Түркияда тұрдық, бірақ менің байқағаным, ондағылар оған жақсы көзқарас танытпайтын. Ал біздікілер өте қонақжай», - дейді келіншек.

Қостанайлықтар Мусбаумен жиі суретке түсіп тұрады. Суретке түсетіндердің дені ересектер.

«Жуырда ғана Мусбау дүкенге барды, бір кезде бір көлік тоқтай қалды да, оның ішінен әскери киім киген екі  жігіт атып шығып: «Сізбен суретке түсуге бола ма?», - деп сұрады. Ол мұндай сұраққа үнемі келісіммен жауап береді. Олар мәз болып, суретке түсті де, кетіп қалды», - деп есіне түсірді Даша.

Мусбау Қазақстанның жергілікті асханасын да қуана-қуана зерттеп жүр. Оған ең көп ұнағаны – палау және ет қосылған картоп. Ал вареники оның көңіліне жақпады. Біздің ауа-райына да ол әлі үйрене қоймаған.

«Біресе күн ыстық, біресе жаңбыр, айырма тым көп, мен әлі мұндай климатты көрмеппін», - дейді жігіт.

Мусбау футбол жанкүйері, ол Дарьямен бірге «Тоболдың» жанкүйері ретінде матчтердің біріне де барған. Жігіттің айтуынша, қазақстандық футбол жақсы дамып келеді және ақырындап Еуропа деңгейіне қарай аяңдап келеді. Өзі де жаңа достарымен футбол ойнап жүрген ол қостанайлық «Форум» клубымен бірге жаттығады екен.

Ол мұнымен өзінің дене-бітімін орнында ұстап тұру үшін айналысатынын айтады. Афроамерикалық жігіт жергілікті жастар спортты жақсы көретінін және спортзалға баруды ұнатанынын байқаған.

Даша екеуі Астанаға барып, қыдырып келуді де үлгерген. Қазақстанның астанасы Мусбаудың көңілінен шығыпты.

«Өте әдемі, жас қала, ол әлі өсіп келе жатқаны байқалады. Оның перспективалары да жақсы», - дейді нигериялық.

Жас жігіт «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне қатысты да өз пікірін білдіріп қалды.

«Маған Қазақстан келесі жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалып жатқаны туралы айтты. Бұл сіздердің еліңіз үшін үлкен жетістік. Біз Түркияда тұрған кезде, көрмеге бүкіл ел болып дайындалған болатын. Астанаға қарап бір байқағаным, Қазақстанда да бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарайды екен. Астанаға келесі жылы жазда барсам жақсы болар еді», - дейді Мусбау.

Сонымен бірге, қара нәсілді азамат Алматыны көргісі келіп жүр екен. Оңтүстік астананың заманалы, қарқынды дамып келе жатқан, мәдени қала екенін естіген ол оны өз көзімен көргісі келетінін айтуда.

Жалпы, Қостанай да жас жігітке ұнаған көрінеді, себебі қалада орнаған тазалық пен тыныштық оны жайлы етеді. Ал Мусбау болса, бұл қалаға бірнеше рет қайтып келетініне сенімді.

Еске салсақ, қостанайлық Дарья Икерт пен Мусбау Каримнің романтикаға толы ғашықтық оқиғасы туралы біз жазған болатынбыз. Жастар қонақүйде аниматор болып жұмыс істеп жүрген кездерінде танысып, отбасын құруды жөн көрген.

Тағы оқыңыздар:

Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады

Бердібек Сапарбаев алып-қашпа әңгімелерден соң демалыстан ерте оралды

Қазақстанда демалыс күндері аптап ыстық болады

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218391-qazaqstandyq-qyzgha-uylengen-nigeriya.html